Тендердегі былық: 1 литр сүт 14 миллион теңгеге бағаланған
Қызылорда облысында мемлекеттік сатып алу жүйесінде тапсырыс беруші мекеме 1 литр сүтті 14 миллион теңгеге бағалаған. Тендердегі былықты сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингтік топ анықтады.
Тапсырысты Шиелі аудандық білім бөлімі жариялаған. Бірақ құзырлы органның ұсынысынан кейін баға қайта қаралып, сүттің литрі 223 теңгеге төмендеген. Сондай-ақ, аймақтағы 11 мекеменің жанар-жағармайды нарықтағы шекті құнынан әлде қайда жоғары бағамен сатып алмақ болғаны анықталды.
Ғалия Әлімқұлова, облыс бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті басшысының бірінші орынбасары:
2022 жылдың екі айында 17 мекемеге жолданған ұсыныстардың нәтижесінде жалпы сомасы 351 млн 230 мың теңге бюджет қаражаты үнемделді.
Әділбек Серікұлы
Автор
Әділбек Серікұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ауғанстанда зілзаладан кейін мыңдаған адам далада түнеуге мәжбүр
12.09.2025, 19:57

Америкалықтар 11 қыркүйек құрбандарын еске алды
12.09.2025, 19:57
«Respublica» партиясы: Президент Жолдауы бизнестің жол картасына айналуда
12.09.2025, 19:53
Каспий теңізінің тартылуы балықшылардың кәсібіне қиындық келтіруде
12.09.2025, 19:53
Шымкентте жүрек ауруларын зерттейтін жаңа орталық ашылды
12.09.2025, 19:49
Непалда уақытша премьер-министр тағайындалмақ
12.09.2025, 19:49
Редакция алқасы Қазақстан тарихының ІІ томын басып шығаруға әзірлеу үшін бекітті
12.09.2025, 19:48
Шетелдік сарапшылар: Реформалар өз нәтижесін беруі тиіс
12.09.2025, 19:47