Өңірлерді өркендетуге күш салынады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Өңірлерді өркендетуге күш салынады

16.03.2022

Мемлекеттің өркендеуі аймақтардың қуатты болуына тікелей байланысты. Жезқазған облысының аумағында дербес Ұлытау облысының құрылуы экономикалық қана емес, рухани жағынан да маңызды шешім деді Президент. Қарағанды облысындағы меншікті тілшіміз Руслан Нұрланұлы бізбен байланыста. 

Руслан Нұрланұлы,тілші: 
Бүгінгі Президенттің Қазақстан халқына Жолдауында өңірлердің әкімшілік-аймақтық құрылымдарын оңтайландыру, әл-ауқатын арттыру бағытында үлкен өзгерістер, ауқымды жұмыстар жүзеге асатыны айтылды. Бұл ретте Жезқазған өңірінде Ұлытау облысы құрылатыны аймақ тұрғындарын өте қатты қуантып отыр. Осы орайда ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясы Қарағанды облыстық филиалының директоры –Байбосынов Серікжан Берікбайұлының пікірін білсек. 
Серікжан Байбосынов, ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясы ҚОФ директоры: 
Жалпы, жаңа облыстардың құрылуы көпшіліктің көкейінде жүрген мәселе. Кезінде облыс мәртебесінен айырылған өңірлерде тұрғындар саны азайып, тұрмыс сапасы төмендеп кеткені жасырын емес. Осы олқылықтың орнын толмақ. Әкімшілік-аумақтық өзгерістер мемлекеттік басқару үдерісін жеңілдетеді. Жұртың облыс орталығына барыс-келісін оңайлатады.

Президент сондай-ақ, бұл аймақтың туристік әлеуеті өте зор екенін, өндірістік қуатын, логистикалық мүмкіндігін де ұтымды пайдалану керектігін тапсырды. 

Руслан Нұрланұлы

Хабарламаларға жазылу