Ұлттық арна Елбасының бастамаларына қатысты республикалық телекөпір өткізді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ұлттық арна Елбасының бастамаларына қатысты республикалық телекөпір өткізді

11.03.2018

Елбасының осы ерекше бастамаларына қатысты «Qazaqstan» Ұлттық арнасы мәселенің буы басылмай тұрып, республикалық телекөпір өткізді. Оған түрлі сала мамандары, атқарушы билік пен «Нұр Отан» партиясы өкілдері, Мәжіліс депутаттары, «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы жетекшілері мен белгілі саясаттанушылар, экономистер сондай-ақ, сарапшылар қатысты. Олар рухани жаңғырумен үйлескен әлеуметтік жаңғыруға қатысты өз ойларын білдірді. Екі сағатқа созылған телекөпір барысында бес әлеуметтік бастаманың халыққа тигізер әсері жан-жақты әңгіме болды. Бірнеше аймақтан тікелей байланысқа шыққан сарапшылар да Президент бастамаларының өңірді өркендетуге, аймақ халқының әл-ауқатын арттыруға қаншалықты ықпал ететінін жеткізді. Баспананы ипотекалық тұрғыдан қолжетімді ететін бағдарлама, жастарға қосымша білім гранттары, салықтық жеңілдік, шағын және орта кәсіпкерлікті қаржылық тұрғыдан қолдау мен орталық өңірлерді газдандыру мәселелері телекөпір кезінде барынша терең талданып, анық және ашық айтылды. 

Ержан ҚАЛЫМБАЙ

Хабарламаларға жазылу