Өңірлерді дамытуға арналған бағдарламаның жобасы таныстырылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Өңірлерді дамытуға арналған бағдарламаның жобасы таныстырылды

03.12.2019

Бүгін Үкіметте Өңірлерді дамытуға арналған мемлекеттік бағдарламаның жобасы таныстырылды. Соған сәйкес, алдағы 5 жылда үш жарым мыңға жуық ауылды жаңғырту жоспарланған. Бірінші кезекте әлеуметтік инфрақұрылымға мән беріледі. Яғни, сапалы ауыз су, жарық, жылу, жол желілері, мектептер, ауруханалар салынады. Өңірлерді дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған бағдарламасына 1,3 трлн теңге бөлінеді. Соның басым бөлігі, яғни, 900 млрд теңгесі ауылдағы ағайынды жарылқауға жұмсалмақ. Премьер-министр Асқар Мамин бағдарламаның жобасын мақұлдауды ұсынды. 

 Ербол МӘНДІБЕК

Хабарламаларға жазылу