Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов халық алдында есеп берді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов халық алдында есеп берді

26.06.2017

«Қазір елдегі экономикалық өсім - 2,5 пайыз. Жыл соңына дейін Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 4 пайызға жеткізу міндеті тұр. Бұл межеге алдағы алты айда жетуге болады» - дейді министр.

Мемлекетке негізгі табысты түсіріп отырған тау-кен өндірісі және мұнай саудасы тұрақты. Сонымен қатар, Министрлік 2020 жылға дейінгі Өңірлерді дамыту бағдарламасының орындалуына күш салады. Бұл жерде елдің аумақтық дамуы, халықты ауызсумен қамту және тұрғын үй коммуналдық шаруашылығын жетілдіру бойынша жұмыстар атқарылады.

Ғабит ҰЗАҚБАЙ

Хабарламаларға жазылу