Қостанай облысында су қоры азайған
Қостанай облысында су қоры азайған. Қоймалардың басым бөлігі жартылай бос тұр. Көктемде су тасымаған соң, қор он жылдан бері жаңартылмаған. Яғни балдыр басып, ластанып кеткен. Мамандар биыл да жағдай көңіл көншітерлік емес деп отыр. Себебі қыс жылы болды, топыраққа тоң қатқан жоқ. Мұндайда еріген қар суы сай саламен ағып өзен-көлдерге құйылмастан жерге сіңеді. Мамандардың болжамынша, биыл қоймаларға әрі кетсе, 160 миллион текше метр су жиналуы тиіс. Бұл орташа көрсеткіштен екі жарым есе аз.
Қайдар Қосылбаев, «ҚАЗСУ шаруашылығы» РМК ҚФ директорының орынбасарының міндетін атқарушы:
Қазір су қоймаларында 675 миллион текше метр бос орын бар. Соның биыл төрттен бір бөлігі ғана толуы тиіс. «Қазгидромет»-тің болжамына сүйейенсек, осындай тұжырым жасауға тура келеді. Қар аз. Егер бұлай жалғаса берсе, облыс аумағында суға байланысты қиындық туындауы ықтимал.
Дәуренбек Әбдібек
Автор
Дәуренбек Әбдібек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Боксшы қызымыз Назым Қызайбай жартылай финалға шықты
12.09.2025, 18:46

Жетісу облысында заңсыз төгілген 146 қоқыс орны анықталды
12.09.2025, 18:44
Отбасы күні қарсаңында 70 жыл отасқан жұптар бас қосты
12.09.2025, 18:42
Мыңдаған отбасы қолдау орталықтарынан көмек алды
12.09.2025, 18:40
Жетісу облысында «Еңбек жолы» байқауы өтуде
12.09.2025, 18:39
Еңбек адамы: Оқушылары озат ұстаз
12.09.2025, 18:37
Алматыда Ассамблея жастарының Халықаралық слеті өтті
12.09.2025, 18:34
Астанада жас дінбасылардың II форумы өтеді
12.09.2025, 18:32