Басты Жаңалықтар АН-2 ұшағының апаты жайында Қызылордадағы меншікті тілшіміз Әділбек Серікұлы хабарлады

АН-2 ұшағының апаты жайында Қызылордадағы меншікті тілшіміз Әділбек Серікұлы хабарлады

Төтенше жағдай департаментінің мәліметінше, Қызылордадан-Аралға бағыт алған ұшақтан алдымен өрт шыққан. Соның салдарынан, шағын әуе кемесі Арал қаласына 10 шақырым жетпей Алтықұдық деген елді мекеннің маңына апатты жағдайда қонуға мәжбүр болған. Борттағы үш адам, екі пилот пен дәрігер аман шығып үлгерген. Ал құтқарушылар келем дегенше отқа оранған ұшақтың сау-тамтығы қалмаған. Әзірге, ақаудың неден шыққаны белгісіз, арнайы мамандар себеп-салдарын анықтауға кірісті.

Әділбек Серікұлы


Бөлісу