Еуропада «Франклин» дауылының соққысынан 14 адам қаза тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Еуропада «Франклин» дауылының соққысынан 14 адам қаза тапты

22.02.2022

Сонымен қатар, аймақта көлік қатынасы тежеліп, жүздеген әуе рейсі доғарылған. Және де талай үй суға кетті.«Франклин» Еуропаның теріскейіне Солтүстік Атлантикадан жеткен. Оның екпінінен Солтүстік Ирландия мен Солтүстік Англияда жауын құйып, су тасып жатыр. Алапат циклон Францияға да жетіп, онда да бірнеше адамды құрбан етті. Бұған қоса, Еуропада электр сымдары үзіліп, жүздеген мың адам жарықсыз қалып, талай үйдің шатыры ұшып кеткен.

«Ассоушиэйтид пресс» агенттігінің хабарлауынша, сұрапыл дауылдардан қазір Германия, Швеция, Дания да қатты зардап шегіп отыр.

 Арыстан Рысбек


Хабарламаларға жазылу