АҚШ-та «Майкл» дауылының соққысынан 2 адам қаза тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

АҚШ-та «Майкл» дауылының соққысынан 2 адам қаза тапты

11.10.2018

АҚШ-та «Майкл» дауылының соққысынан екі адам қаза тапты. Құрбандардың біреуі – бала. Олардың үстіне ағаш құлап кеткен. Ал, Панхандл аймағында желдің жылдамдығы сағатына 250 шақырымға жетіп, дауылдың қауіптілігі 4-ші категорияға дейін көтерілді. Қазір ол Джорджия штатынан өтіп, Каролинаға беттеп барады.

Соңғы мәліметке қарағанда, Флорида, Джорджия, Алабама штаттарында 700 мыңнан астам үй мен кәсіпорын жарықсыз қалып, сан мың адам шатырларда түнеген. 370 мыңдай тұрғынға көшуге бұйрық берілді. Оларды эвакуациялауға ұлттық гвардия мен Пентагонның мыңдаған жауынгері тартылып отыр.

Бірақ, «Рейтер» агенттігінің мәліметінше, Джорджияға жеткенде, «Майклдың» жылдамдығы сағатына 150 шақырымға дейін бәсеңдеген.

Арыстан РЫСБЕК

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз. 

Хабарламаларға жазылу