Израильдің әуе соққысынан 11 адам қаза тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Израильдің әуе соққысынан 11 адам қаза тапты

20.11.2019

Израиль әуе күштері Иран мен Сирияның ондаған позициясына соққы берді. Олардың қатарында әскери база, қару-жарақ қоймалары және қарулы күштердің штаб-пәтері бар. Тель-Авив мұндай шабуылға өз аумағына көрші елден зымырандар жіберілгеннен кейін және Иранның Сириядағы әскери нысандарын талқандау мақсатында барған.

Бірақ Сирияның мемлекеттік ақпарат құралдарының хабарлауынша, Израильдің соққысынан 2 бейбіт тұрғын қаза тапты. Өзге бір мәліметтерге қарағанда, 11 тұрғын мерт болған. Ал, араб республикасының авиациясы Израиль ұшақтары атқан ондаған ракетаны құлатқанын хабарлап отыр.

Арыстан РЫСБЕК


Хабарламаларға жазылу