Қостанай облысындағы ауыл бірнеше күн қар құрсауында қалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қостанай облысындағы ауыл бірнеше күн қар құрсауында қалды

17.02.2022

«Қостанай облысындағы Тұрғымбай ауылында екі аптадан бері жол жоқ. Азық түлік таусылуға таяу». Қар құрсауында қалған елді-мекен тұрғындары өздері түсіріп таратқан бейнежазбада осылай дейді. Әулиекөл ауданындағы Диев ауылдық округіне қарайтын Тұрғымбайда 30 үй бар. Адам саны жүзге жуықтайды. Жылда қиындық тудыратын күре жолдан бұрылып ауылға апаратын 20 шақырым жер. Ауыл әкімі 8 ақпанда жол қардан аршылғанын, кейін 11 ақпанда боран соққан соң қатынас үзілгенін айтады. Арнайы техниканың жеткіліксіздігінен боран басылғаннан кейін жолды іле тазарту мүмкін болмапты. Дәл қазір жол аршылып жатыр. Тұрғымбайдың тұрғындарына жол талғамайтын көлікпен бірінші кезекте қажет тұрмыстық бұйымдар мен азық түлік жеткізілген.

Мейірхан Досмырзин, Диев ауылының әкімі: 

Аудан әкімі келді, мен - ауылдың әкімі, чс басшысы бар - төрт жігіт тамақ әкеліп түсіріп адамдарға үлестірдік. Ауданнан 2 ротор шықты, автогрейдер, жеке фирма 2 К-700 тракторы, 1 китаец шығарды. Кешкі 5-ке дейін аршып боламыз.

Дәуренбек Әбдібек 

Хабарламаларға жазылу