Қостанай облысындағы Сұлукөл ауылының тұрғындары 6 шақырым жолды күрекпен аршыған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қостанай облысындағы Сұлукөл ауылының тұрғындары 6 шақырым жолды күрекпен аршыған

15.02.2022

Қостанай облысындағы Сұлукөл ауылының тұрғындары зиратқа дейінгі 6 шақырым жолды күрекпен аршып шыққан. Ауылда аяқ астынан 15 жастағы бозбала қайтыс болған. Алайда боран басылмай, жол аршылмай жаназаға қатысуға ниет еткен сырттағы ағайын-туыс қаралы шаңыраққа жете алмай қиналған. Тіпті мүрдені зиратқа апарудың өзі мұңға айналған. Ауданға, коммуналдық мекемелерге көмек сұрап хабарласқанмен қайыр болмайды. Амал жоқ тұрғындар қолдарына күрек алып жолды өздері аршуға кіріскен.

Дәуренбек Әбдібек 

Хабарламаларға жазылу