Елімізде күн райы бұзылып, бірнеше аймақта тас жол жабылды. Павлодар-Қызылорда бағыты бойынша барлық көлік қозғалысына шектеу қойылды. Кешелі бері боранның салдарынан қар құрсауында қалған 37 адам құтқарылды. Оның екеуі бала.
Мәселен, Қостанай облысының «Арқалық-Амангелді» күрежолында құтқарушылар далада қалған 3 жеңіл автокөліктен 17 адамды қауіпсіз жерге жеткізді. Жолаушылар дін аман. Ал Қарағанды облысының Ақтоғай ауданында қар құрсауынан 4 адам құтқарылды. Төтенше жағдай қызметі боранды күні жолға шықпауға кеңес береді.