Ғалия Нұрсейітова: Қаңтар оқиғасы кезінде зардап шеккендерге көмек көрсету барысында дәрігерлердің өмірлеріне тікелей қауіп болды
Қызылордадағы жаппай тәртіпсіздік кезінде облыстық жедел-жәрдем станциясының қызметкерлері басын бәйгеге тігіп, қауіп төнсе де халыққа қалтқысыз қызмет етті. Қаңтар оқиғасындағы қақтығыстан кейін де медицина мамандарының қорқынышы басылмаған.
Дүрбелең кезінде шақыртулар саны күрт көбейіп, жедел жәрдем тынымсыз жұмыс істеді. Тіпті, оқ пен оттың арасынан жарақат алған талай адам дер кезінде ауруханаға жеткізілді. Алайда, бүлікшілер медициналық көмек көрсеткен мамандарды да қорқытып, күш қолданған. Бірақ, соған қарамастан бригадалар соңына дейін өз қызметтерін адал атқарды. Сол күндері 260 адамға дәрігерлер көмек көрсетті.
Ғалия Нұрсейітова, облыстық жедел жәрдем станциясы бас дәрігерінің орынбасары:
Неше түрлі топтардың арасында жүріп науқастарға, зардап шеккендерге көмек көрсету барысында біздің қызметкерлерге де өмірлеріне тікелей қауіп болды. Бұл жерде енді сұмдық болды деп айтуға болады.
Әділбек Серікұлы
Автор
Әділбек Серікұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ауғанстанда зілзаладан кейін мыңдаған адам далада түнеуге мәжбүр
12.09.2025, 19:57

Америкалықтар 11 қыркүйек құрбандарын еске алды
12.09.2025, 19:57
«Respublica» партиясы: Президент Жолдауы бизнестің жол картасына айналуда
12.09.2025, 19:53
Каспий теңізінің тартылуы балықшылардың кәсібіне қиындық келтіруде
12.09.2025, 19:53
Шымкентте жүрек ауруларын зерттейтін жаңа орталық ашылды
12.09.2025, 19:49
Непалда уақытша премьер-министр тағайындалмақ
12.09.2025, 19:49
Редакция алқасы Қазақстан тарихының ІІ томын басып шығаруға әзірлеу үшін бекітті
12.09.2025, 19:48
Шетелдік сарапшылар: Реформалар өз нәтижесін беруі тиіс
12.09.2025, 19:47