Басты Жаңалықтар Маңғыстауда 303 мың гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды

Маңғыстауда 303 мың гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды

Маңғыстау облысында 303 мың гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды. Ал 445 адамға жерді мақсатына сай пайдалану жөнінде ескерту берілді. Сондай-ақ, Мұнайлы ауданындағы Қызылқұм жерінде көлемі 2000 гектар 18 жер учаскесін мемлекет меншігіне қайтару жұмыстары жүруде.12 жер кері қайтарылып, 1 іс сотта қаралуда. Жалпы, соңғы 2 жылда облыс бойынша ауыл шаруашылығы үшін берілген 2 млн 247 мың гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылған.

Бөлісу