Ақ Олимпиадада Абайдың «Айттым сәлем, Қаламқас» әні шырқалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақ Олимпиадада Абайдың «Айттым сәлем, Қаламқас» әні шырқалды

08.02.2022

Ақ Олимпиадада Абайдың «Айттым сәлем Қаламқас» әні шырқалды. Латвиялық мәнерлеп сырғанаушы Денис Васильев қысқа бағдарламада қазақ ақынының әнімен өнер көрсетті.

Сайыста ол 85,30 ұпай еншілеп, 16-орынға жайғасты. Енді 10 ақпанда еркін бағдарламада сынға түседі. Денис Васильев осыдан 4 жыл бұрын, яғни 2018 жылы бірінші рет Пхенчхан Олимпиадасына қатысқан болатын. Онда ол жарысты 19-орынмен аяқтаған.


Хабарламаларға жазылу