Түркіменстан халқы Абайдың 175 жылдығын атап өтті

09.06.2020

Ашхабадта Абайдың 175 жылдық мерейтойына арналған рухани кеш өтті. Шарада толығымен ақын шығармалары орындалды. Ұйымдастырушылар – екі елдің мәдениет министрлігі.

Абай – адамзаттың ақылманы. Сондықтан ақынның мерейтойында түрікмен өнерпаздары аянып қалмады. Ахмет Жұбанов пен Латиф Хамидидің «Абай» операсынан шығармалар орындалды.

«Айттым сәлем, Қаламқас» әнін көрші елдің белгілі теноры Нұры Нұрыев орындаса, ал опера әншісі, сопрано Лейли Окдирова «Қарлығашты» құйқылжытты. Муызкамен сүйемелдеген мемлекеттік симфониялық оркестр.

Иә, бала Абайда Шығыстың ұлы ақындары Фирдоуси, Сағди, Низами, Науаиларға еліктеп өсті. Мақтымқұлы да түрікмен әдебиетінің ірі классигі. Яғни қазақ және түрікмен халықтарын біріктіретін ортақ тарихи-мәдени тамырды тереңдете түсу керектігін айтады ұйымдастырушылар.

Нысаналы ЫҒЫЛ


Хабарламаларға жазылу