Қызылордада Абай күндеріне арналып әдеби кеш өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қызылордада Абай күндеріне арналып әдеби кеш өтті

24.08.2015
Қызылордада Абай күндеріне арналып әдеби кеш өтті

Бұл туралы департаменттің баспасөз қызметінен хабарлады.

Кеш барысында Абайдың өмірі мен өнері туралы қызықты мәліметтер тыңдалып, Абай өлеңдері мен әндері орындалды. Департаменттің ұйымдастыру-қаржы басқармасының бас маманы Айбек Садықов «Атаға тағзым» атты өз өлеңін оқыды. Ал адам ресурстары басқармасының бас маманы Аманжол Мыханов «Айттым сәлем, Қаламқасты» домбырамен  шырқады. Кешке қатысушылар әсерлі, әрі танымды шара  үшін ұйымдастырушыларға  алғыс айтты.

Мұнан соң қатысушылар кітапханада орналасқан Абай шығармаларының көрмесін тамашалады.

Хабарламаларға жазылу