Павлодар қаласының орталық жағалауында «Жазғы оқу залы» ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Павлодар қаласының орталық жағалауында «Жазғы оқу залы» ашылды

09.06.2015
Павлодар қаласының орталық жағалауында «Жазғы оқу залы» ашылды

«Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының «Жас Отан» жастар қанаты мұрындық болған «Жастар – Отанға!» партиялық жобасы аясында «Жазғы оқу залы» ашылды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

«Жастардың уақытын тиімді пайдалана отырып, ашық аспан астында кітап оқуға шақыру мақсатында Павлодар қаласындағы Орталық жағалауда «Жас Отан» жастар қанатының ұйымдастыруымен және «Кел, жастар, оқылық!» республикалық кампаниясы бастау алды. Қазақтың бас ақыны Абай Құнанбайевтың туғанына 170 жыл толуына орай тақырып ұлы бабамыздың шығармашылығына арналды», - дейді партияның жергілікті өкілдігінің баспасөз хатшысы Айбек Жұматов.

Қатысушылар Абай өміріне кеңінен тоқталып, қара сөздерін талқылады. Сонынмен қатар жасотандықтар ақынның өлендерін мәнерлеп оқып, музыкалық колледждің студенттері «Желсіз түнде жарық ай», «Айттым сәлем қаламқас», «Көзімнің қарасы» әндерін орындап, көпшілік қауымның қошеметіне бөленді. Кешті қорытындылау мақсатында қатысушыларға Абай атамыздың шығармашылығынан сұрақтар қойылып, А.Оралхановтың қоржынынан «Ертіс әуендері» атты Павлодар облысы жас ақындарының жыр жинақтары тарту етілді. Айта кетерлігі, «Жазғы оқу залы» әр жексенбі сайын жұмыс істейді.

Хабарламаларға жазылу