Елордада «Шуақты қала» отбасылық фестивалі өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елордада «Шуақты қала» отбасылық фестивалі өтеді

16.06.2014
Елордада «Шуақты қала» отбасылық фестивалі өтеді

«Шуақты қала» фестивалінің негізгі міндеті -отбасылық демалысты жандандыру, салауатты өмір салтын қалыптастыру.

Қала күнін мерекелеу аясында 5-7 шілдеде Астанада «Қазақ елі» монументі алдындағы алаңда «Шуақты қала» қалалық отбасылық фестивалі өтеді.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, «Шуақты қала» отбасылық фестивалінің ерекшелігі -аумақ барлық жас шамасындағы адамдардың қызығушылықтары ескерілген 16 алаңға бөлінеді.

 Фестиваль бағдарламасына ересектерге арналған спорттық, ойын-сауықтық шаралар, қонақтарға арналған байқаулар енгізіледі. Ал, балалар алаңдарында би, көркемөнер сайысы, қолданбалы өнер түрінен шеберлік сағаттары өткізіледі.

 «Шуақты қала» фестивалінің негізгі міндеті -отбасылық демалысты жандандыру, салауатты өмір салтын қалыптастыру.

«Шеберлер қаласы» алаңында қолданбалы өнер шеберлерінің жұмыстары қойылады. Сондай-ақ, суретшілер қатысушылардың портреттерін салады. Сонымен қатар, «Менің Астанам» картинасының нобайы келтірілген үлкен стенд орнатылады. Онда кез келген қонақ картинаның  бөліктерін бояй алады.

Хабарламаларға жазылу