Елордада «Шуақты қала» фестивалі басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елордада «Шуақты қала» фестивалі басталды

05.07.2014
Елордада «Шуақты қала» фестивалі басталды

Бүгін Астанадағы «Қазақ елі» монументі алдындағы алаңда «Шуақты қала» отбасылық фестивалі басталды. Фестивальге 800 бала қатысты. Барлығы тұрмысы төмен және көпбалалы отбасылардың мүшелері. Олар алаңда шеңбер жасап, елдегі бірлік пен тату тірліктің көрінісін көрсетті. Іс-шараның соңы мерекелік концертке ұласып, бүлдіршіндер кәрі құрлықтан келген «Шапито» циркінің қойылымдарын тамашалады. Сондай-ақ, еліміздің төрт тарапынан жеткен әншілер мен биші қыздар сахнаның сәніне айналды. Фестиваль шілденің жетісіне дейін жалғасады.

Болат Жазықбаев, Қостанай облысының тұрғыны:

Міне, біз жанұямызбен сонау Қостанай облысы Құсмұрын станциясынан келіп отырмыз. Өте тамаша концерт. Тілек айтатын болсақ, Қазақстанымыз өсе берсін. Астанамыз көркейе берсін. Алла елімізге тыныштық берсін.

Саян Мырзағалиев, ұйымдастырушы:

Бұл мерекелік шара үш күн бойы өтеді. Күндізгі 11-де басталып, түнгі 11-ге дейін болады. Бірінші күн – балалар күні, екінші күн – жастар, үшінші күн – отбасы күні деген атпен өтеді.

Досымжан ЕРМҰРАТ

Хабарламаларға жазылу