Астана бүгін 16 жасқа толды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астана бүгін 16 жасқа толды

06.07.2014
Астана бүгін 16 жасқа толды

Еуразия жүрегінде орналасқан Қазақстанның бас қаласы - Астана бүгін, 6 шілде күні 16 жасқа толды.

1997 жылы егемен Қазақстанның Президенті Нұрсұлтан Назарбаев астананы Алматыдан Ақмолаға көшіру туралы шешім қабылдады. 1998 жылы жаңа елорданың атауы,  Астана болып өзгертілді. 1998 жылы ЮНЕСКО-ның шешімі бойынша Астана қаласына «Бейбітшілік қаласы» жоғары атағы беріліп, медальмен марапатталды. 

2006 жылы Астана қаласы әкімдігінің Қаулысына сәйкес және қалалық мәслихаттың шешімімен мерекеге - Астана күні атауы беріліп, оны атап өту - шілденің 6-сына бекітілді.

Ал 2008 жылы «Қазақстан Республикасының мерекелер туралы Заңына» енгізілген өзгерістерге сәйкес, шілденің 6-сы - Астана күні мемлекеттік мерекелер тізіміне енді.

Қазір қала аса шапшаң қарқынмен дамып келеді. Елорданың туған күнін бірнеше күннен бері Қазақстанның түкпір-түкпірі кеңінен атап өтуде. Бас қаланың туған күніне арналған негізгі мерекелік шаралар елордада өткізілуде.

Бүгін, яғни, 6 шілдедегі мерекелік іс-шаралардың кестесі:
• 09:00 Шығыс базары
• 10:00 «Күн Әлемі» тұңғыш қалалық саябақтар фестивалі
• 10:30 «Шуақты қала» қалалық отбасылық фестивалі
• 11:00 «Шаттық» жас таланттар фестивалі
• 11:00 «Мыңжылдықтар тоғысындағы Астана» көшпелілер өркениетінің фестивалі
• 11:00 «Астана Шаттық» автокеруені
• 11:00 «Аспаздық шеберлерінің ұсталығы - сүйікті қалаға» аспаздық фестивалі
• 12:00 Неке қию салтанатты рәсімі
• 15:00 «Аялаған Астана» Республикалық байқауының гала-концерті
• 16:00 «Азия жаңғырығы» цирк өнерінің халықаралық фестивалі
• 16:00 «Көңілді Астана» әзіл-сықақ кеші
• 17:00 «Астана-Арқау» түркі музыкасының фестивалі
• 17:00 «Magic Astana» Халықаралық иллюзионисттер фестивалі
• 17:00 «Астана - мечты сбываются» ретро-концерті
• 18:00 «Астана-Самалы» үрмелі аспаптар оркестрлерінің халықаралық фестивалі
• 19:00 «International Street Dance Session in Astana» көше биі халықаралық фестивалі
• 19:00 «Асқақтай бер, Астана!» дискотекасы
• 20:00 «Көңілді Астана» әзіл-сықақ кеші
• 20:00 «Туған елдегі концерт» атты классикалық музыка кеші
• 21:00 «Өзен әуендері» классикалық музыка кештері.
• 22:30 4D Mapping-Show (проекциялық шоу) Толығырақ
• 23:00 Мерекелік отшашу!

 

Хабарламаларға жазылу