Астанада қысқы спорт маусымы «Қыс өрнегі» атты дәстүрлі шаңғы фестивалімен жабылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада қысқы спорт маусымы «Қыс өрнегі» атты дәстүрлі шаңғы фестивалімен жабылады

16.02.2016
Астанада қысқы спорт маусымы «Қыс өрнегі» атты дәстүрлі шаңғы фестивалімен жабылады

Елордада қысқы спорт маусымы «Қыс өрнегі» атты дәстүрлі шаңғы фестивалімен аяқталады. Маусымның жабылу салтанаты 21 ақпанда, жексенбі күні Есіл өзенінің арнасында Кенесары хан ескерткішінің жанында өтеді, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.

Шараға келем деушілер спорттың тоғыз түрінен сайысқа түседі: шаңғы жарысы, гір көтеру, армрестлинг, шайбалы хоккей, белбеумен күрес, қысқы шағын футбол, арқан тарту, мұз астынан балық аулау және мотокросс.

Жыл сайын қысқы спорт түрлерінен маусымның жабылуына қаланың мыңдаған тұрғыны мен қонағы жиналады. Мектеп оқушылары, студенттер, күш құрылымдарының қызметкерлері, қоғам өкілдері және т.б. спорт жарыстарына қатысып, күш сынасады. Бұл ретте бастысы жеңіске жету емес, өйткені жыл сайынғы шаңғы фестивалі отбасылық және корпоративтік демалыстың жақсы бір түрі.

Қала әкімдігі баршаңызды қысқы спорт түрлерінен маусымның жабылуына орай өткізілетін спорттық мерекеге қатысуға шақырады.

Шараға қатысушыларды тіркеу таңғы сағат 09.00, ал шаңғы жарысы сағат 10.00 басталады.

Хабарламаларға жазылу