Астанада авторлық бард әндерінің халықаралық фестивалі өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада авторлық бард әндерінің халықаралық фестивалі өтеді

14.07.2014
Астанада авторлық бард әндерінің халықаралық фестивалі өтеді

25-27 шілдеде елордада «Астана-2014» авторлық бард әндерінің халықаралық фестивалі өтеді.

Үш күнге созылатын шара барысында  Қазақстан мен Ресейдің белгілі авторлары мен орындаушылары бас қосады.

Бұл туралы қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады.

Фестивальге Жеңіс Ысқақов, Юлий Ким, Михаил Щербаков, Михаил Кочетков, Раиса Нұр, Александр Бормотов және т.б. қатысады.

Туристік базада өтетін ән кешін Астана тұрғындары мен қонақтары тамашалай алады. 

Хабарламаларға жазылу