Алматыда жаңа қаулы: Ертеңнен бастап бұқаралық іс-шара өткізуге рұқсат жоқ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда жаңа қаулы: Ертеңнен бастап бұқаралық іс-шара өткізуге рұқсат жоқ

14.01.2022

Алматыдағы тәртіпсіздіктерден кейін 22 адам із-түссіз жоғалып кеткен.

Полиция 15 тұрғынды тапты. Ал хабар-ошарсыз кеткен 7 азамат іздестіріліп жатыр. Алматы комендатурасы ресми өкілі Салтанат Әзірбектің мәліметінше, қаладағы тәртіпсіздіктер кезінде 185 полиция қызметкері жарақат алған. 2-еуі ауыр халде жатыр. 3 полиция қаза тапты. Бүлік кезінде мыңнан аса адам полиция департаментінің ғимаратына шабуылдаған Қазір олардың кім екені анықталып жатыр.

Салтанат Әзірбек, Алматы комендатурасының ресми өкілі:

Өте жақсы дайындалған. Өздеріне рөл бөліп алған. Біреуі бейнекамераларды талқандаса, қалғандары қару-жарақ таратқан. 

Қалада карантин күшейді

Соңғы уақытта Алматыда эпидахуал да күрт нашарлаған. Бұл туралы Қоғамдық денсаулық басқармасы айтып отыр. Ахуалдың күрделенуіне жаппай тәртіпсіздіктер мен «Омикрон» штамының тарауы да себеп. Алматы үшінші күн «қызыл» аймақта болғандықтан, карантин қатаңдатылды.

Бас санитар дәрігердің қаулысы шықты. Ертеңнен бастап бұқаралық іс-шаралар өткізуге рұқсат жоқ. Жұма намаз да оқылмайды. Спорттық нысандарға, фитнес орталықтар мен моншаларға тек «жасыл» мәребесі бар адамдар кіре алады.

Төтенше жағдай аяқталғаннан кейін 20 қаңтардан бастап балабақшалар ашылады. Эпидахуалға байланысты кезекші топ режимінде жұмыс істеуі мүмкін. Сондай-ақ бүгін автокөлік иелеріне арналған 5 мамандандырылған Халыққа қызмет көрсету орталығы жұмысын бастады. 

Хабарламаларға жазылу