Маңғыстау облысында қоғамдық штаб құрылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Маңғыстау облысында қоғамдық штаб құрылды

04.01.2022

Маңғыстаудағы ахуалға байланысты қоғамдық штаб құрылды. Оның құрамында облыстан сайланған мәжіліс депутаттары мен өңірдің белсенді азаматтары бар. Мақсат – халықтың уәжін билікке жеткізу. Газға қатысты туындаған мәселелердің оңтайлы шешілуіне дәнекер болу.

Еділ Жаңбыршин, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

Елдің бірлігі, халықтың тыныштығы, Маңғыстаудың амандығы – барлығымыздың ортақ абыройымыз, ағайын. Қоғамдық штабтың негізгі мақсаты елдің талабын үкімет комиссиясына жеткізіп, сұйытылған мұнай-газ мәселесін шешуге атсалысу. Біз осыған жұмыстанамыз.


Хабарламаларға жазылу