Ақтөбеде жол апатынан екі адам қаза тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтөбеде жол апатынан екі адам қаза тапты

20.12.2021

Ақтөбе облысында мұнай компаниясына тиесілі автобус апатқа ұшырып, екі адам қаза тапты. Оқиға Темір қаласы маңындағы жергілікті маңызы бар «Покровка-Жаңажол» автожолында болды. «ПАЗ» маркалы автокөлік ішінде барлығы 12 жолаушы отырған. 59 жастағы жүргізушісі жылдамдықты төмендетіп үлгермей, «КамАзға» соғылған.

Апат салдарынан екі жолаушы оқиға орнында көз жұмып, үшеуі Қандыағаш қаласының орталық ауруханасына түрлі жарақатпен жатқызылды. Қазір тергеу жүріп жатыр.

Атырау облысында көлік апатынан 11 адам зардап шекті

Атырау облысында екі көлік соғылып, зардап шеккен 11 адам ауруханаға жеткізілді. Оқиға Мақат ауданындағы «Доссор-Құлсары» тасжолының бойында Доссор кентінен 18 шақырым жерде болды.

Жол-көлік апатының салдарынан автокөліктің біреуі түтіндеген. Абырой болғанда құтқарушылар дер кезінде жетіп, қауіптің алдын алды. Жарақаттанғандар жақын маңдағы ауруханаға жеткізілді. Оқиғаның мән жайы тексеріліп жатыр.


Ақтөбе

Хабарламаларға жазылу