Алматы облысында жол апатынан екі адам қаза тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматы облысында жол апатынан екі адам қаза тапты

21.12.2021

Алматы облысында жол апатынан әйел адам мен 9 айлық нәресте көз жұмды. Оқиға Алматы-Бішкек тасжолының 57 шақырымында болған. «Chevrolet Cruze» автокөлігі «ВАЗ-2106» маркалы көлігімен соқтығысқан.

Жарақат алған бірнеше адам ауруханаға жатқызылды. «Chevrolet Cruze» көлігінің жүргізушісіне қылмыстық іс қозғалып, емделіп жатқан жеріне арнайы күзет қойылды. Тиісті сараптамалар тағайындалды.


Алматы жол апаты

Хабарламаларға жазылу