Италияда індет өршіді, шектеу күшейтіледі
Италияда індет өршіп тұр. Вирустың мутацияға ұшыраған «Омикрон» штамы 6 адамнан анықталған. Осыған алаңдаған ел үкіметі 6 желтоқсаннан бастап «сандық сертификат» енгізіп, шектеулерді күшейтпек. Италиядағы соңғы ахуалды қазір бізбен Римнен байланысқа шыққан әріптесім Нұрсұлу Қасымнан білейік.
Нұрсұлу Қасым, тілші:«Омикрон» штамы Мозамбикте мұнай компаниясында істейтін Италия азаматынан анықталған. Ол Римге келіп, жары мен балаларына жұқтырған. Қазір отбасы мүшелері карантинде отыр. Вакцина алғандықтан симтомдары жеңіл өтіп жатыр-дейді дәрігерлер. Осы оқиғадан кейін биліктегілер соңғы екі аптада Оңтүстік Африканың 7 мемлекетінде болған азаматтарға Италияға кіруге тиым салды. Онсызда елде індет өршіп тұр. Өткен тәулікте коронавирусты 15 мыңға жуық адам жұқтырып, індеттен 100 адам қайтыс болған. Сондықтан үкімет 6 желтоқсаннан бастап «Супер сертификат» енгізбек. Санитарлық рұқсатнама екпе алғандар мен соңғы алты айда індеттен жазылғандарға ғана беріледі. Жаңа ережеге қатысты халықтың пікірін назарларыңызға ұсынамын.
Фауста Морчелли, Рим қаласының тұрғыны:Вакцина алмағандар, ковидпен ауырмағандар енді ПТР тест тапсырса да мейрамхана, сауда орындарына кіре алмайды. Бұл адам құқын шектеу деп есептеймін.
Франческо Де Луччи, Рим қаласының тұрғыны:Ковид сертификатты енгізгенін қолдаймын. Індеттен құтылу үшін бәріміз екпе алуымыз керек. Мен жақында үшінші дозаны салғызамын.
Бүгінге дейін Италия халқының 75 пайызы екпенің екі дозасын алған. Қазір денсаулық сақтау саласының мамандары үшінші дозаны салдыртуда. 15 желтоқсаннан бастап елдегі әскерилер мен полиция қызметкерлері толықтай вакцина алуға міндетті. Сондай-ақ, желтоқсанның соңында 5 пен 11 жас аралығындағы балаларға екпе салу басталады. Індет өршігендіктен үкімет биыл Жаңа жылдық шараларға тосқауыл қоймақ.
Нұрсұлу Қасым
Автор
Нұрсұлу Қасым
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
БҚО-да 59 мыңнан астам кәсіпкер еңбек етеді
11.09.2025, 20:28

Экономиканы әртараптандыру: Өңдеу өнеркәсібіне инвестиция тартылады
11.09.2025, 20:26
Биыл еліміздің мектептерінде ЖИ-ді үйрету бойынша қосымша сабақтар енгізілді
11.09.2025, 20:25
Өскеменде оқу бағдарламасы толық цифрлы жүйеге көшті
11.09.2025, 20:21
Халық бір палаталы Парламенттің тиімді, үнемді болатынына үмітті
11.09.2025, 20:21
Алматыға жарты жылда млн-нан аса турист келген
11.09.2025, 20:19
Маңғыстауда туризм саласында 2029 жылға дейін 19 жоба жүзеге асырылмақ
11.09.2025, 20:19
«Qazaq Digital Mektebi» жобасы білім сапасын арттырады
11.09.2025, 20:17