Басты Жаңалықтар Елордада келер жылы 10 мың әлеуметтік пәтер салынады

Елордада келер жылы 10 мың әлеуметтік пәтер салынады

Елордада келер жылы тағы 10 мың әлеуметтік пәтер салынады. Қолжетімді баспана салуға алдын ала дайындық басталған. Жауаптылардың сөзінше, жобалық-сметалық құжаттар, құрылыс жүргізуге учаскелер қарау мәселесі реттеліп жатыр. Нұр-Сұлтанда 2019 жылы 2 900, былтыр 7 мың әлеуметтік пәтер салынды. Ал тұрғын үй сертификаттарының мөлшері 1 млн теңгеден 1,5 млн теңгеге көбейген. Қазан айында жастарға арналған арнайы тұрғын үй бағдарламасы іске қосылғанын еске салайық. Бұл 36 жасқа дейінгі мамандарға арналған.

Ақерке Бектас

Бөлісу