Еуропалық Одақ Қазақстанмен барлық салада байланысты бекемдеуге бейім. Өзара іскерлікті нығайту үшін Еуропалық парламент пен біздің елдің депуттаттары Брюссельде бас қосты. Отырыста әріптестер жаһандық өзекті мәселелерді талқылап, тәжірибе алмасты.
Қазақстан мен Еуропарламент депутаттары жылына бір мәрте кездесіп, ынтымақты арттыру жайын талқылайды. Кезекті 18-басқосуға да қос тарап өкілдері тың дайындықпен келген. Елдің мүддесі, қарапайым халықтың игілігіне қажетті дүниелер мен достықты нығайту үшін атқарылатын жұмыстар басты назарда.
Айгүл Құспан, ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты, «Қазақстан-Еуропалық Одақ» парламенттік ынтымақтастық комитетінің теңтөрағасы:Бұл ынтымақтастығымыздың бір жақсы жері барлық мәселелерді талқылаймыз. Қазақстан мен Еуропалық Одақтың экономикалық жағдайы, саяси жағдайы, пандемияға қарсы күрес, халықаралық мәселелер. Бұл екі парламенттің арасындағы сенімге негізделген, ынтымақтастыққа негізделген диалог.
Басқосуда тараптар сауда, экономика, ғылым, білім, көлік,логистика, қоршаған ортаны қорғау, жасыл энергетиканы, сандық технологияны дамыту қажеттігін бас айтты. Жемқорлықпен, лаңкестікпен күрес адам құқын қорғау мәселелері де назардан тыс қалмады.
Фульвио Мартушелло, «Қазақстан-Еуропалық Одақ»парламенттік ынтымақтастық комитетінің теңтөрағасы:Біз елдеріңіздің жемқорлықпен күресті күшейтіп, демократияны, азаматтық қоғамды дамытуға басымдық бергенін қолдаймыз. Қазақстан-Еуропалық Одақтың Орталық Азиядағы басты сауда серіктесі болғандықтан біз инвестициялық мүмкіндіктерді қалт жібермеуіміз керек.
Ауғанстандық босқындарды қабылдап, шам еліне гуманитарлық көмек көрсетіп отырған Қазақстанның бейбіт бастамаларына да Еуропарламент өкілдері жоғары баға берді. Ашық диалог алаңындағы кездесу келесі жылы енді Нұр-Сұлтанда жалғасады.
Нұрсұлу Қасым