Ақтаулық оқушы күн сәулесінен су шығаратын құрылғы ойлап тапты
Ақтаулық оқушы күн энергиясы арқылы су жинайтын құрылғы ойлап шығарды. Қолдан жасалған шағын прототип бір тәулікте 200 мл су жинайды. Назарбаев Зияткерлік мектебінің 12-сынып оқушысы Ерлан Тұралы «Хайдрпанл» құрылғысын ұстазы Лизавета Хамитовамен бірге жасаған. Олар жобаны 2 жылда әзірлеп шықты. Құрылғы - күн панелі мен су генераторы арқылы ауадан тұщы су шығарады. Жобаны шынайы жүзеге асыру үшін, 2 миллион теңге қажет. Сол кезде қондырғы күніне 10 литр ауыз су өндіреді. Оны мектеп алаңына және қала көшелеріне қоюға болады дейді, жоба жетекшілері.
Ерлан Тұралы, Назарбаев зияткерлік мектебінің 12-сынып оқушысы:
Бұл құрылғы Маңғыстауда ауыз су тапшылығын жоюға көмектеседі. Жуырда ғана маған авторлық құқық берілді. Енді осы прототипті үлкейтеміз. Хайдрпанл күн сәулесінен ылғал жинайды. Сондықтан келесі жазға дейін нағыз қондырғыны дайындаймыз.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бүгін «Қайрат» чемпиондар лигасындағы ойынын бастайды
18.09.2025, 17:48

ҚФФ футбол академиясына FIFA мәртебесі берілді
18.09.2025, 17:45
Шымкентте «Таза қала, таза аула, таза үй» тақырыбында ашық сабақтар өтуде
18.09.2025, 17:42
Жетісу облысында «Таза Бейсенбі» экологиялық акциясы өтті
18.09.2025, 17:39
Транзитттік тасымалдың көлемі артады
18.09.2025, 17:36
Семейде тұңғыш рет қала әкімін сайламақшы
18.09.2025, 17:30
Атыраулықтар жем-шөпті көрші облыстан сатып алуға мәжбүр
18.09.2025, 17:27
Ресейде кейбір ірі оқу орындары бірігеді
18.09.2025, 17:24