Көкшетауда бірнеше шағын ауданда жылу мардымсыз
Көкшетауда бірнеше шағын ауданда екі аптадан бері жылу жоқ. Тұрғындар шағымын қалалық әкімдіктің әлеуметтік желідегі парақшаларына жазып жатыр. Ал "Көкше-Жылу" мекемесі қалаға тегіс жылу бердік деп отыр. Шаһардағы Жайлау, Центральный, Васильковский, Сарыарка шағын аудандарындағы кей көпқабатты үйлерде жылу мардымсыз. Пәтерді тоқ пешпен жылытып отырмыз, - дейді тұрғындар.
Алтынай Шәмішова, қала тұрғыны:Жылу бергеннен бері, міне, жылу жоқ. КСК-ға айтсақ, оборот жоқ дейді. Залымызда болса, кухнямызда жоқ, кухнямызда болса, спалныйымызда жоқ. Ауырып жатырмыз, міне, аптекадан шықтым жаңа. Үйіміз, семьямызбен ауырып жатырмыз. Масқара. Әлі күнге дейін, міне, 23-інен берді дейді ме, 23-інен бері тепло жоқ үйлерімізде.
Жауапты мекеме өкілдерінің айтуынша, қалаға толық жылу берілді. Жөнделіп біткен қосымша желі де іске қосылған. Енді тек пәтер иелері кооперативтері үйдегі желілерді реттеуі қажет, - дейді мекеме қызметкерлері.
Данияр Әкібаев, "Көкшетау жылу" мекемесінің бас инженері:700 миллиметрлік құбырларды ауыстырдық. Соған байланысты қажетті қысым болмады. 5-інші қазанда барлығы қосылды. Жылу бар. Егер үй суық болса, тұрғындар бізге хабарлассын. Барып жағдайды қараймыз. Ешкім назардан тыс қалмайды.
Ермек Елберген
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бүгін «Қайрат» чемпиондар лигасындағы ойынын бастайды
18.09.2025, 17:48

ҚФФ футбол академиясына FIFA мәртебесі берілді
18.09.2025, 17:45
Шымкентте «Таза қала, таза аула, таза үй» тақырыбында ашық сабақтар өтуде
18.09.2025, 17:42
Жетісу облысында «Таза Бейсенбі» экологиялық акциясы өтті
18.09.2025, 17:39
Транзитттік тасымалдың көлемі артады
18.09.2025, 17:36
Семейде тұңғыш рет қала әкімін сайламақшы
18.09.2025, 17:30
Атыраулықтар жем-шөпті көрші облыстан сатып алуға мәжбүр
18.09.2025, 17:27
Ресейде кейбір ірі оқу орындары бірігеді
18.09.2025, 17:24