Қостанай облысында агроөнеркәсіп өнімділігі 2,5 есе артқан
Тәуелсіздік жылдары Қостанай облысында агроөнеркәсіп өнімділігі 2,5 жарым есе артқан. Мұның сыртында астықты аймақ ауыл шаруашылық тауарының экспорты бойынша елімізде көш бастап тұр. Мысалы былтыр шет елдерге құны 300 миллион АҚШ доллары болатын азық-түлік тауарлары сатылыпты. Бұл мемлекет тарапынан жасалып жатқан көмек-қолдаудың жемісі – дейді мамандар.
Мереке Смағұлов «Биыл құрғақшылық қысқанымен заманауи жер өңдеу технологиясын сақтаудың арқасында қамбамыз құр қалмайды» дейді. Ол осыдан 20 жыл бұрын шаруа қожалығын ашқанда жетпіс гектарға жетпейтін жері, 40- тан астам сиыры ғана болыпты. Бүгінде жер көлемі 1000 гектардан асады, 600 ірі қара ұстап отыр. «Істің ілгері басуына мемлекеттің қолдауы көп септігін тигізді» дейді өзі.
Мереке Смағұлов, шаруа:Қазір малды Қырғызстан, Өзбекстанға сатамын. Өзімнің бордақылау алаңым бар. Қырғыз, өзбектер келгенде таң қалады. «Бізде мұндай субсидия, жеңілдетілген несие берілмейді» дейді. Бір сиыр алсаң асылтұқымды шетелден 1600 еуроға - бұл 800 мың теңге. Соның 400 мың теңгесіне мемлекет төлейді. Қазір жәй сиырдың бағасы 400 мың. Бұдан артық не керек?!
Өңірдегі аграрлық салада өндіріс пен қатар өңдеу жұмысы да өркендеп келеді. Қостанайда шығарылатын ет, сүт өнімдері еліміздің ғана емес, алыс-жақын шетелдің тұтынушыларына да таныс. Былтыр облыс азық-түлік экспорты бойынша елімізде бірінші орынға шықты. Облыста тек сүт өнімдерін өңдейтін 11 ірі кәсіпорын бар.
Әлия Сүндеталина, сүт зауытының цех басшысы:Тоқсанынышы жылдардың аяғы бізде жалғыз цех болатын. Жиырма адам жұмыс істеп, небары тәулігіне 15-20 тонна өнім шығаратынбыз.. Қазір үлкен 4 цехымыз бар. 700 адам жұмыс істейді.
Ауылшаруашылығын субсидиялауға облысқа тек биылдың өзінде 38 млдр теңге бөлінген. Тұрақты қолдау – тұрақты дамуға бастады.
Нұрсұлтан Қабделов, облыстық ауылшаруашылық басқармасының бөлім басшысы:91 жылы жалпы ауылшаруашылық өнімінің көлемі 9 миллион теңгені құрайтын болса, 2020 жылы бұл көрсеткіш 592 млрд. теңгеге жетті.
Өңірлік агроөнеркәсіп кешенінің әлі де әлеуеті жоғары, мүмкіндігі зор. Бұл салада биылдың өзінде 12 инвестициялық жоба жүзеге асырылып жатыр. Соның арқасында шамамен алты жүздей жаңа жұмыс орындарын ашу жоспарланған.
Дәуренбек Әбдібек
Автор
Дәуренбек Әбдібек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ауғанстанда зілзаладан кейін мыңдаған адам далада түнеуге мәжбүр
12.09.2025, 19:57

Америкалықтар 11 қыркүйек құрбандарын еске алды
12.09.2025, 19:57
«Respublica» партиясы: Президент Жолдауы бизнестің жол картасына айналуда
12.09.2025, 19:53
Каспий теңізінің тартылуы балықшылардың кәсібіне қиындық келтіруде
12.09.2025, 19:53
Шымкентте жүрек ауруларын зерттейтін жаңа орталық ашылды
12.09.2025, 19:49
Непалда уақытша премьер-министр тағайындалмақ
12.09.2025, 19:49
Редакция алқасы Қазақстан тарихының ІІ томын басып шығаруға әзірлеу үшін бекітті
12.09.2025, 19:48
Шетелдік сарапшылар: Реформалар өз нәтижесін беруі тиіс
12.09.2025, 19:47