Көкшетауда студенттер хостелде тұруға мәжбүр
Көкшетауда жатақханадан орын жетпеген студенттер хостелде тұруға мәжбүр. Алайда, мұндада еш жағдай жоқ. Бір бөлмеде 24 адам тұрған. Тамақтану, жуыну орындары талапқа сай емес. Хостелге 3 колледждің 46 студенті орныққан. Бірақ, келісім-шарт тек бір оқу орнымен ғана жасалыпты. Қалғандары жатақханада орын болмағандықтан өздері тауып келген. Бұл мәселеге жастар ұйымдары мен қоғам белсенділері араласты. Іле 20 студент пәтерлерге ауыстырылды. Мәселе әлі де өзекті. Колледждер мен университеттердің бәрін қосқанда 2200 студентке орын керек.
Сұлтанбек Бекешев, «Жас Oтан» жастар қанаты ақмола облыстық филиалының төрағасы:
Қазіргі уақытта хостелде тек Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжінің 26 студенті қалды. Оқу орнының басшылығы оларды осы апта басқа жерге ауыстырмақ. Біз назарда ұстаймыз. Ал құрылыс-техникалық колледжінің жатақханасын жөнге келтіру басталды. Жиһаздар, тұрмыстық техникалар ауыстырылмақ. Жақын ара осы мәселелерді шешу бойынша оқу орындарының есебін тыңдайтын боламыз.
Ермек Елберген
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ақмола облысында елуге жуық заңсыз қоқыс орны жойылды
17.09.2025, 14:24

Жұмысшы мамандық: Абай облысында 200 грант бөлінді
17.09.2025, 14:21
Елімізде ең көп кәсіпкер Түркістан облысында тіркелген
17.09.2025, 14:19
Көлік логистикасы экономиканың негізгі тірегі
17.09.2025, 14:16
Сарапшы: Жолдауда дамудың негізгі бағыттары айқындалған
17.09.2025, 14:13
Сарапшы: Жасанды интеллект санаға серпін береді
17.09.2025, 14:10
Ислам мәдениеті ұйымы діндер арасындағы татулыққа шақырады
17.09.2025, 14:06
Президент: Діни дипломатияның әлеуетін пайдалану маңызды
17.09.2025, 14:03