Лисаковск қаласында ер адам атыс шығарды: Полицей жараланып, адамдар мерт болды
Қостанай облысындағы Лисаковск қаласында ер кісі тұрғын үйдің кіреберісінде аңшы мылтығынан оқ атып, ақыры жаралаған екі әйелдің бірі жедел жәрдем келгенше көз жұмған, екіншісіне ота жасалған, жағдайы өте ауыр. Пәтерді жөндеуге байланысты көршілер арасында кикілжің туған деген болжам бар. Қостанай облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, қару ұстаған күдікті* барған полицейлерді тыңдамайды, ескерту түрінде оқ атылса да, тоқтамайды. Тіпті полицейлердің өзіне оқ атып, бірін жаралайды. Дәрігерлер оның иығына ота жасалатынын айтты. Тұрғын үйдегі басқа азаматтардың қауіпсіздігі үшін полиция қызметкерлері күдіктіге оқ атады. Ол реанимацияда көз жұмған. Тергеу жұмыстары басталған.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Шымкентте еңбек ардагерлері мен жұмысшы мамандар марапатталды
24.10.2025, 20:34
Абай облысында ел дамуына үлес қосқандар марапатталды
24.10.2025, 20:30
АҚШ пен Кариб аймағы елдері арасында шиеленіс күшейе түсті
24.10.2025, 20:30
Әлем жаңалықтарына шолу
24.10.2025, 20:30
Медициналық туризм. Қазақстанның әлеуеті қандай?
24.10.2025, 20:30
Медицина қызметкерлері марапатталды
24.10.2025, 20:30
64 маман үздік педагог атанды
24.10.2025, 20:30
Ел дамуына үлес қосқан азаматтар марапатталды
24.10.2025, 20:30