«Болашақ» халықаралық стипендиясы 196 үміткерге тағайындалды
«Болашақ» халықаралық стипендиясы 196 үміткерге тағайындалды. Олар магистратура, докторантура, резиндентура бойынша білім алады. Сондай-ақ әлемнің жетекші ғылыми және өндіріс орталықтарына тағылымдамадан өтуге жіберіледі.
Бұл туралы Мемлекеттік хатшы Қырымбек Көшербаевтың төрағалығымен өткен Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның отырысында белгілі болды. Үміткерлер Ұлыбритания, АҚШ, Канада, Жапония сынды 16 мемлекеттің озық оқу орындарында академиялық білім алады. Мемлекеттік хатшы «Болашақ» стипендиасы иегерлерінің оқу және еңбекпен өтеу барысын бақылау жұмысын қатаңдатуды тапсырды. Айта кетейік, 28 жыл ішінде аталған бағдарлама аясында 11 мыңнан астам жоғары кәсіби маман даярланды.
Айнұр Кәрібозова, «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ президенті:Басымдық мамандықтар жеті бағытта айқындалды. Олар жаңа технологиялар, инновациялар, өндірістік инжиниринг, білім беру, денсаулық сақтау және жаңа бағыт, бұл – креативтік индустрия.
Дарын Сағитов
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Алматыда туризм саласындағы әйелдердің рөлі талқыланды
22.10.2025, 17:35

Көкшетау ұлттық табиғи паркінде соңғы 5 жылда бірде-бір өрт тіркелмеген
22.10.2025, 17:32
«Таза Қазақстан»: Шортанды кентінде 80 түп көшет екті
22.10.2025, 17:30
Талдықорғанда жаңа демалыс алаңы ел игілігіне берілді
22.10.2025, 17:28
Астаналық оқушылар «Атамекен» әнін орындады
22.10.2025, 17:23
Еліміздегі ғалымдардың 47 пайызы жастар
22.10.2025, 17:21
Ұлытау облысында «Отбасылық ферма» жобасы бойынша арзан несие берілді
22.10.2025, 17:18
Жамбыл облысында есек қаптап кетті
22.10.2025, 17:15