Семей сынақ полигонының жабылғанына 30 жыл
Семейде ҚР Тұңғыш Президенті-Елбасы кітапханасының ұйымдастыруымен «Маңызды шешімдер кезеңі» атты көрме ашылды. Мәдени шара ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен Семей сынақ полигонының жабылуына 30 жыл толуына орай ұйымдастырылды. Экспозицияда Елбасы кітапханасы қорындағы архивтік материалдар, бұрын-соңды жарияланбаған құнды деректер,картиналар мен ғылыми мақалалар қойылған. Атом аждаһасының қазақ даласына әкелген қасіреті жайлы жарық көрген кітаптар да таныстырылған. Сондай-ақ Елбасының ядролық қарусыз әлем құру жолындағы атқарған еңбегіне орай алған марапаттары, фотосуреттер мен құжаттар келушілер назарына ұсынылған.Көрме Абай атындағы облыстық кітапханада бір ай бойы жұмыс істейді.
Бақытжан Темірболат, «ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасы» мемлекеттік мекемесінің директоры:
Осында 200-ден астам жәдігер бар. Архив құжаттары. Мультимедиялық киоскілер. Оның мазмұны өте терең. Тарих көрсетілген. 49 жылдан бастап, Семей жерінде алғаш жарылыс болған болатын. Сол кезден бергі тарихи жәдігерлер көрсетілді.
Ержан Жақып
Автор
Ержан Жақып
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Боксшы қызымыз Назым Қызайбай жартылай финалға шықты
12.09.2025, 18:46

Жетісу облысында заңсыз төгілген 146 қоқыс орны анықталды
12.09.2025, 18:44
Отбасы күні қарсаңында 70 жыл отасқан жұптар бас қосты
12.09.2025, 18:42
Мыңдаған отбасы қолдау орталықтарынан көмек алды
12.09.2025, 18:40
Жетісу облысында «Еңбек жолы» байқауы өтуде
12.09.2025, 18:39
Еңбек адамы: Оқушылары озат ұстаз
12.09.2025, 18:37
Алматыда Ассамблея жастарының Халықаралық слеті өтті
12.09.2025, 18:34
Астанада жас дінбасылардың II форумы өтеді
12.09.2025, 18:32