Қазақ тілін талап етуге арналған тұжырымдама әзірленіп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақ тілін талап етуге арналған тұжырымдама әзірленіп жатыр

10.08.2021

Енді қадам аттасаңыз қазақ тілін талап етуі мүмкін. Тіл саясаты комитеті қазір арнайы концепция дайындап жатыр. Егер министрлік тарапынан мақұлданса мемлекеттік тілге қатысты талап күшейеді. Осылайша еліміздің барлық азаматы тілді жетік меңгергеніне қатысты тест тапсырып, білімін дәлелдеуі тиіс. Раушан Сайлауқызы толығырақ.

Юлияның кішкентай кезінен қазақ тіліне құрметі бөлек, құлшынысы ерек. Қатарластары енді тіл сындырып жүргенде, ол ойын еркін жеткізетін. Ынта-жігерінің нәтижесінде ауызекі тілді ғана емес, қазақ жазушыларының поэма мен прозаларын жатқа біледі.

Юлия Лагуткина,СҚО Айыртау ауданы Лавровка ауылының тұрғыны:
Қазақ тілін ауылдағы мектептен үйреніп алдым. Біріншіден ұстазымның арқасы, екіншіден өзімнің де ынтам болды. Қазақша бағдарламаларды көрдім, Қазақша кітаптарды оқыдым, өзіме ортаны қалыптастырдым. Жалпы айтқанда, ауылымызда орта жоқ.

90-ыншы жылдары халықтың шамамен 37 проценті қазақша сөйлесе, қазір көрсеткіш 52 пайыздан асты. Соңғы жылдары әсіресе өзге ұлт өкілдерінің қызығушылығы басым. Тіпті балаларын қазақ сыныптарына беруге бет бұра бастаған. Бұл қатарда 50 мыңдай отбасы бар.

 Серік Негимов, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, филология ғылымдарының докторы, профессор:
Бұл ұлы даланың тілі. Қазақтың тілі Ахмет Байтұрсын айтады. Еділден бастап ауғанға шейін, Қазақстың тілін бірден бір сақтаған ол қазақ дейді. Қазақтың тілі азбаған дейді. Ол табиғаттың законынан ерген дейді Байтұрсынов. Мәдени мұрамыз, ғылым еңбектер, тарихи зерттеулер, 100 томды еңбект, біздің тіліміз кемеліне келді. Қазақстан 2 жарым млн сөз бар. Біздің тіліміздің тарихы 4 мың жылдықты қамтиды, мақал-мәтелдеріміз 5 мың жылдықты қамтиды.

Тәуелсіздік алғалы әр он жылға бағытталған арнайы бағдарлама әзірленіп, біраз ілкімді істер атқарылды. Соның нәтижесінде тіл үйренушілер мен арнайы орталықтар саны артты. Мектептің 70 пайызға жуығы, жоғары оқу орындарының 85 пайызы қазақ тілінде білім беруге көшті. Қате жазуларды түзетуге бағытталған заң қаралып жатыр. Ал мемлекеттік тілді меңгеруге талап бұрыңғыдан күшейеді.

Яғни, кез келген адамның жаңа бастамасы мемлекеттік тілді меңгерудегі білімімен сыналады. Тұжырымдама әзірге министрлік деңгейінде талқыланып жатыр. Егер жүзеге асса алтын қазына - ана тіліміздің өрісі кеңейіп, туған тіліміздің тұғыры биіктейтіні хақ.

Раушан Сайлауқызы

Хабарламаларға жазылу