Мемлекет басшысы Ақмола облысына сапары барысында жаңадан сайланған ауыл әкімдерімен кездесті. Биыл оларды халықтың өзі таңдады. Президент бұл саяси жаңғырудың жаңа кезеңін білдіретін тарихи оқиға екеніне тоқталды. Сонымен қатар, ауылдағы ағайынға өз әлеуетін толық пайдалануға және елді мекендерді дамыту үшін жаңа мүмкіндік беретінін айтты. Қасым-Жомарт Тоқаев әкімдер халық сенімін ақтау үшін қолдан келгеннің бәрін жасайтынына сенім білдірді. Енді олар ауылдың жоқ-жітігін түгендеп, кем-кетігін түзеуі тиіс.
Жиын соңында жаңадан сайланған әкімдер Мемлекет басшысына өз бастамасын жүзеге асырғаны және ауылдың игілігі жолында еңбек етуге мүмкіндік бергені үшін алғыс айтты.