Сардиния аралын алапат өрт шарпыды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сардиния аралын алапат өрт шарпыды

26.07.2021

Италияның Сардиния аралын алапат өрт шарпыды. Лапылдаған жалын 10 мың гектар алқапты күлге айналдырып, фермалар мен үйлерді өртеген. Күшті желдің әсерінен от Кульери және Санту-Луссурджу қалаларына жетіп, 400 тұрғын қауіпсіз жерге көшірілді. Өртті сөндіруге 7,5 мың адам, 20 өрт сөндіргіш ұшақ пен 13 тікұшақ тартылған. Бұған қоса, Италияның өтінішімен Еуропа Одағы Сардинияға тілсіз жаумен күреске 4 ұшақ жіберді.

Сонымен бірге Испанияның Каталония автономиялық аймағында орман өрті қаулап жатыр. Тілсіз жау Таррагона қаласына жақын маңда тұтанған. Сақтық шарасы ретінде 160 адам қауіпсіз жерге көшірілді. От 1600 гектар аумақты шарпыған. Жалынмен күреске 400 өрт сөндіруші маман тартылды. 

Арай Төлегенқызы

Хабарламаларға жазылу