АҚШ-та өрттен кейін жүздеген адам табылмай жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

АҚШ-та өрттен кейін жүздеген адам табылмай жатыр

04.09.2023

АҚШ-тың Гавай аралдарында өрт кезінде жоғалып кеткен 385 адам әлі табылған жоқ. Мұны жергілікті билік мәлімдеді. Алапат өрт Мауи аралын тамыздың басында шарпыған еді. Одан Лахайна қаласы жермен-жексен болды. Тілсіз жау 115 адамның өмірін қиған. Мұндай алапат өрт АҚШ тарихында бір ғасырдан бері болмаған. Қазір күлге айналған өңірді қалпына келтіру жұмыстары жүріп жатыр.  


Арай Төлегенқызы

Хабарламаларға жазылу