Түркияда зілзала құрбандарының саны өсті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркияда зілзала құрбандарының саны өсті

08.02.2023

Бір күнде екі қуатты жер сілкінісі болған Түркияда қаза тапқандар саны 6 мыңға жуықтады. 31 800-ге жуық адам жараланған. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәлімдеуінше, құрбандардың саны әлі де өсіп, 20 мыңға жетуі мүмкін. Ал үйінді астында қалған мыңдаған адамды құтқару үміті азая бастады. Күннің суық болуы да жағдайды қиындатып отыр. Іздеу-құтқару жұмыстары үшінші тәулік бойы үздіксіз жүріп жатыр.

Бұған дейін елдің Искендерун портында зілзаладен кейін алапат өрт тұтанғанын хабарлаған едік. Жүздеген жүк контейнерін от шарпыды. Соңғы мәліметтерге сай, тілсіз жау сөндірілген. Өртті сөндіруге ұшақтар мен тікұшақтар тартылды.

Арай Төлегенқызы

Хабарламаларға жазылу