Түркияда екінші күн қатарынан алапат орман өртімен күрес жүріп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркияда екінші күн қатарынан алапат орман өртімен күрес жүріп жатыр

17.07.2023

Түркияда екінші күн қатарынан алапат орман өртімен күрес жүріп жатыр. Тілсіз жау ақпан айында зілзаладан зардап шеккен Хатай провинциясына жақын жерде тұтанған. Бүгін жалын сол маңдағы адамдар тұратын ауданға қарай ойыса бастады. Ресми мәліметтерге қарағанда 3 ауылдың тұрғындары эвакуцияланған. 7 үйді өрт шарпыды. Отты сөндіруге аптап ыстық пен қатты жел кедергі келтіріп жатыр. Одан егістік алқаптарына да қауіп төніп тұр. Қызыл жалынды сөндіруге 9 ұшақ, 21 тікұшақ пен 60-тан аса техника тартылған. Кей мәліметтерге қарағанда, өрттің тұтануына қатысы бар деген күдікпен екі адам ұсталған. 

Арай Төлеген

Хабарламаларға жазылу