Камбоджада казиноны алапат өрт шарпыды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Камбоджада казиноны алапат өрт шарпыды

29.12.2022

Бүгін Камбоджада казиноны алапат өрт шарпыды. Оқиға елдің Таиландпен арадағы шекарасы маңында болды. Ресми мәліметтерге қарағанда, 1 адам қаза тауып, 32-сі аруханаға түскен. Алайда жергілікті ақпарат құралдары 10 адамның жан тәсілім еткенін хабарлады.

Ситхи Лох провинциясының полиция басшысының дерегінше, өрт басталғанда казинода 400-дей адам жұмыс істеген. Және де аймақ басшылығы оттың неден тұтанғаны әзірге белгісіз екенін мәлімдеп отыр.

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу