Қазақстанда бір тәулікте 6 мыңға жуық адамнан коронавирус анықталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстанда бір тәулікте 6 мыңға жуық адамнан коронавирус анықталды

16.07.2021

Коронавирус жұқтырғандардың тәуліктік көрсеткіші бойынша 4-i күн қатарынан антирекорд тіркелді. Кеше тіпті, індеттің ілмегіне іліккендердің саны 6 мыңға жуықтады. Қазір «қызыл» аймаққа өткен өңірлер сан 13. Олар: Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары және Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Маңғыстау, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Қызылорда облыстары. Ал, Алматы мен Жамбыл «сары» аймақта тұр. Әзірге Түркістан мен Шығыс Қазақстанда ғана жағдай тұрақты.

Кеше 5648 адамның вирус жұқтырғаны анықталса, вирустық белгілері бар пневмонияға 122 адам шалдыққан. Коронавиурс пен пневмониядан бір күнде 54 науқас көз жұмған. Қазір 50 мыңнан астам адам емделіп жатыр, 934 науқастың жағдайы ауыр. Ал, екпе алғандар саны 4 млн 776 мыңнан асты.


Хабарламаларға жазылу