АҚШ-та ормандар өртке оранды
АҚШ-тың батысындағы штаттарда орман өрті қаулап барады. Өңірде 58 от ошағы тіркелген. Йосемити ұлттық саябағы жанында тұтанған тілсіз жау 3 мыңнан астам гектар алқапты шарпыды. Өрт шыққан жердегі тұрғындар қауіпсіз жерге көшірілді. Лапылдаған жалын ғимараттарға зақым келтіріп, ұлттық паркке апаратын тас жолға төне түскен. Өрт сөндіру қызметінің мәліметінше, әзірге тілсіз жаудың 10 пайызы ғана сөндірілген. Ал, Орегон штатының орталығында жағдай тіпті қиын. Мұнда бірнеше орман өрті тіркелген. Тұрғындар эвакуацияланып, от жүздеген ғимаратқа қауіп төндіріп тұр. Өрттің өрши түсуіне аптап ыстық себепші. Американың кей өңірлерінде сынап бағанасы 50 градус ыстықты көрсетіп тұр.
Арай Төлегенқызы
Автор
Арай Төлегенқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Нариман Құрбанов чемпион атанды
16.09.2025, 14:23

Чемпиондарды жерлестері қарсы алды
16.09.2025, 14:21
Жамбыл облысында оқушылар өлімінен кейін шенеуніктер жазаланды
16.09.2025, 14:18
Өзбекстан зейнет жасын өсіруді жоспарлай бастады
16.09.2025, 14:16
Қарағанды облысында жаңа медициналық пункт пайдалануға берілді
16.09.2025, 14:14
Әлемдік және дәстүрлі дін лидерлерінің съезі – бірегей алаң
16.09.2025, 14:06
М.Әшімбаев: Дін көшбасшыларының съезі – өркениетаралық диалогтың жаһандық форматы
16.09.2025, 14:03
Биыл 7 млн тонна астық жиналады
16.09.2025, 14:00