«Көлсай көлдері» ұлттық паркінде қар барысы фототұзаққа ілікті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Көлсай көлдері» ұлттық паркінде қар барысы фототұзаққа ілікті

13.07.2021

«Көлсай көлдері» ұлттық паркіндегі арнайы қойылған камераның объективіне қар барысы түсіп қалды. Парк қызметкерлері мұны жақсылыққа балап отыр. Өйткені жануарлардың саны тұрақты екенін байқауға болады дейді. Қызыл кітапқа енген жыртқыш аң бұған дейін де бірнеше рет камераға ілікті. Ұлттық парктің аумағында 16 қар барысы бар. Былтыр маусым- қазан айларында олардың бесеуі фототұзақтың көмегімен түсірілді.

Жалпы елімізде 130-ға жуық қар барысы мекендейді, ал әлем бойынша олардың саны 7 мыңнан аспайды. Жыртқыш аң, сондай-ақ, Шымкенттен 55 шақырымдай жердегі Наутсай шатқалы мен Жоңғар-Алатауы ұлттық табиғи саябағында мекен етеді.

Хабарламаларға жазылу