Биыл Көлсай көлдері ұлттық табиғи паркіне 300 мыңнан астам турист келеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Биыл Көлсай көлдері ұлттық табиғи паркіне 300 мыңнан астам турист келеді

13.02.2024

Биыл Көлсай көлдері ұлттық табиғи паркіне 300 мыңнан астам турист келеді. Бұл туралы ұлттық парк басшылығы мен қазақстандық туристік бизнес өкілдерінің кездесуінде айтылды. Ресми дерек бойынша саяхатшылардың ішінде Қытай, Араб елдерінің тұрғындары көп. Қазір парк басшылығы табыстан бұрын, қоршаған ортаның тазалығы маңызды дейді. Сондықтан, Көлсай көлдеріне берілетін бір күндік жолдамалардан бас тартып отыр.

Елнұр Ахметов, «Көлсай көлдері» ұлттық табиғи паркінің директоры:

Шекара қызметтерін шақыра отырып, тур фирмалармен бірігіп жиналыс өткізіп отырмыз. Бүгінгі жиында қаралған мәселелердің бірі, соның ішінде рекреациялық туримді және рекреациялық жүктеме бойынша, келу тәртібі, Ұлттық паркте болу тәртібін туристік фирмаларға түсіндіріліп айтылды.

Аида Ахметбек


Хабарламаларға жазылу