Алматы облысындағы «Көлсай көлдері» табиғи паркінде «Саябақтар шеруі» шарасы өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматы облысындағы «Көлсай көлдері» табиғи паркінде «Саябақтар шеруі» шарасы өтті

26.05.2015
Алматы облысындағы «Көлсай көлдері» табиғи паркінде «Саябақтар шеруі» шарасы өтті

Алматы облысында дәстүрлі «Саябақтар шеруі» өтті. Шара бұл жолы «Көлсай көлдері» Мемлекеттік Ұлттық табиғи паркінде ұйымдастырылды.

Саябақтар шеруін өткізудің басты мақсаты - жергілікті тұрғындарды, оқушылар мен туристерді қорық табиғатын аялауға шақыру.

Шеруге Райымбек ауданына қарасты 5 ауылдық округтің мектеп оқушылары қатысты.

Өнерлі оқушылар концерттік бағдарламаларын ұсынып, әннен шашу шашты.

 

Амангелді СЕЙІТХАН

 

Хабарламаларға жазылу